Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа құлатты

 Нұрсұлтан Жаңабаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа құлатты

Қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев бразилиялық  Алекс Сандро Дуартэмен Астанада жекпе-жек өткізген.
 
Нұрсұлтан Жаңабаев (3-0-0, 2КО) алғашқы раундтың басында қарсыласын нокдаунға құлатты. Бразилиялық боксшы есін жинағанша Жаңабаев ширек қимылдап оған тағы бір неше соққыларын тигізіп ауыр нокаутқа түсірді. Нұрсұлтан 1 раундта нокаутпен бразилиялық Алекс Сандро Дуартені (13-2-1, 10КО) сұлатып салды.

Солай, Нұрсұлтан Жаңабаев кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізіді.