Руслан Мырсатаев қарсыласын нокаутпен ұтты

Руслан Мырсатаев қарсыласын нокаутпен ұтты

Ауыр салмақтағы қазақ боксшысы Руслан Мырсатаев жеңіліс көрмеген аргентиналық боксшы Андреас Матиас Афранлимен кездескен. 

8 раундқа жоспарланған кездесуде Мырсатаев қарсыласын 4 рет нокдаунға жіберді. 4 раундта қарсыласы нокаутқа түсіп айқасты жалғастыра алмады.

Руслан "Мәмлүк" Мырсатаев төртінші рет жеңіске жетті. Андреас Матиас алтыншы жекпе-жегін өткізіп, бірінші рет ұтылып қалды.