Жанқош Тұраров бір қолымен қарсыласын ұрып жеңіске жетті

 Жанқош Тұраров бір қолымен қарсыласын ұрып жеңіске жетті

Қазақ кәсіпқой боксшысы Жанқош Тұраров Астанадағы кәсіпқой бокс кешінде Бруно Леонардо Ромэйді жеңді.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін созылды. Қазақ боксшы ширақ қимылдап, ойнап қарсыласын ұпай санымен жеңді.
Жанқош бесінші раунда қолын сындырып алды, бірақ қарсыласын айқын жеңді.
 
Айта кетейік, бұл Жанқош Тұраровтың 22-жеңісі. 22 жекпе-жектің 15-ін Тұраров уақытынан бұрын аяқтаған.