Руслан Мәдиев мексикалық Абдиэль Рамиресті жеңді

Руслан Мәдиев мексикалық Абдиэль Рамиресті жеңді

Қазақ боксшы Руслан Мәдиев (9-0-0, 4 КО) бірінші орта салмақта мексикалық Абдиэль Рамиресті (23-1-1, 21 КО) ұпай санымен ұтты.

Жекпе-жек 8 раундқа созылды. Руслан Мәдиев төрешілердің шешімі бойынша (80:72, 79:73, 79:73) жеңіске жетті. 
 
Рамирес кәсіпқой бокста 23 кездесу өткізіп, 2-ші рет жеңіліп қалды. Ал Мәдиев болса кәсіпқой бокс шаршы алаңында 10 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
 
Айта кетейік, Мадиев пен Рамирестың жекпе-жегі Роман Гонсалес (46-1-0, 38 КО) пен тайландық Сору Рунгвисаи (43-4-1, 39 КО) андекартында өткізілді.