Сваев пен Калицкий келесі жекпе-жектерін Екатеринбург қаласында өткізеді

Сваев пен Калицкий келесі жекпе-жектерін Екатеринбург қаласында өткізеді

12 желтоқсан күні Екатеринбург қаласында RCC boxing promotion ресейлік промоутерлік компаниясы кәсіпқой бокс кешін өткізеді.

Сол кештің андекартында Қызылорда қаласының тумасы Рустам Сваев ресейлік дебютант Равшан Эрагшевпен қолғап түйістіреді. Орта салмақта өнер көрсететің боксшылардың кездесуі төрт раундқа жоспарлаған.
 
Дәл сол кеште қостанайдық боксшы Станислав Калицкий (2-0, 2 КО) ресейлік қарсыласпен Роял Алырзаевпен (2-2, 0 КО) күш сынастырады. Жеңіл салмақтағы кездесу алты раундқа жоспарлаған.