Ережелер

Жекпе-жектерді өткізудің ережелері ҚКБФ-ның барлық титулдық және рейтингтік жекпе-жектерде сақталу қажет.

1. Жекпе-жек 12 раундтан ұзақтығы 3 минут пен 1 минуттық ұзақтығы бар үзілісті қамтиды.

2. Әрбір раунд міндетті «он ұпай» жүйесі арқылы есептеледі.

3. Толық емес раундтар жағдайында қойылатын ұпайлар жүйесі:

Егер жекпе-жек кез-келген себеппен раундтың соңына жетпей, 3 минутқа да созылмай аяқталса, онда бұл раунд «Аяқталмаған раунд » деп есептеліп, төмендегідей ұпай жүйесімен есептеледі:

А) Егер мұндай раундта бір немесе екі боксшының ұпайлары алынса, аяқталмаған раундта жекпе-жек уақытынан бұрын біткенде, төрешілер өз жазбаларында санкцияларды белгілеп, азайтылған ұпайларды тіркеп, керек жағдайда супервайзер осы жазбаларға жүгініп, ұпайларды есептеу жұмысын жүргізеді.

В) Кез-келген өзге жағдайда шешім техникалық болғанда да,  төрешілердің  жазбаларына жеңімпазды анықтау үшін қарау қажет.

4. Салмақ өлшеу 

Салмақ өлшеу рәсімі _____________, ______ сағатта жүргізілу тиіс.

Ресми таразы боксшылардың тиісті иілігінде салмақ өлшеу рәсімінен кем дегенде 2 сағат бұрын болу керек. 

5 «Үш нокдаун» ережесі бойынша, қолғаптың салмағы ____ униция болуы тиіс.

•Алты (6) униция – салмағы 47.630 бастап 52.160кг  дейін

•Сегіз (8) унуция – салмағы 53.520 бастап 66.680 кг дейін

•Он (10) униция – салмағы 69.850 бастап 90.710 кг дейін қоса алғанда.

6. Боксшы аяқта тұрғанда, есеп сегізге дейін жүргізілмейді.

7. Кез-келген раундта нокдаунға түскен боксшыға Гонг көмектесе алмайды.

8. Белден төмен соққы.

Белден төмен соққы алған боксшы жекпе-жекті ұзақтығы 5 минуттық немесе одан  да кем рефери шешімі бойынша үзілістен кейін немесе одан  кем рефери шешімі бойынша жалғастыру тиіс, олай болмаған жағдайда оған техникалық нокаутпен жеңіліс есептеленеді.

9. Ережені бұзу.

А. Ниетті ( әдейі) бұзу.

Егер боксшы оппонентке тыйым салынған соққыны келтірген жағдайда, зақым мен жараның маңыздылығына қарай, жарақаттанған боксшы жекпе-жекті жалғастыра алмайды, ал тыйым соққыны жасаған боксшыға жеңіліс немесе дисквалификация беріледі.

Сонымен қатар, егер оның оппненті ниетті жасалаған бас соққысынан жарақат алса, жекпе-жекті жалғастыра алмаса, онда зақым келтірген боксшыға дисквалификациямен жеңіліс беріледі.

Егер нақ сол жағдайда (ниетті тыйым соққы) жекпе-жек жаңартылып қайта басталса, рефери жағдайдың елеулігіне қарай ережені бұзған боксшыны ұпайдың алынуымен жазалайды.

Егер жекпе-жек жалғастырылып, кейін келтірілген жарақаттың ушығуына орай тоқтатылса:

- Егер төрешілердің жазбаларында ұпайлар саны бірдей немесе зақым алған боксшының ұпайы аздау немесе жекпе-жектің тоқтатылуынан бұрын 4 раундтың өтуіне байланысты, техникалық тең ойын беріледі. 

- Жарақат алған және де төрешілердің жазбалары бойынша алда келе жатқан боксшыға 4 раунд толық аяқталмаған жағдайда техникалық шешім бойынша жеңіс беріледі.

Б. Кездейсоқ бұзушылық

Боксшы кездейсоқ жарақат алып, жекпе-жек тоқтатылып немесе жалғасын тапқан жағдайдың салдарынан жарақат соншалықты маңызды болған кезде, келесі шешім шығарылады:

Техникалық тепе-тең, егер төрешілердің жазбалары бойынша екі боксшының да ұпайлар саны бірдей немесе жекпе-жектің тоқтатылуына дейін 4 раундтан кем болмаса.

- Толықтай 4 раунд аяқталған жағдайда, төрешілердің санауы бойынша алда келе жатқан боксшының пайдасына қарай  техникалық шешім қабылданады.

С. Баспен жасалған соққы (баспен соққы)

Ниетті түрде баспен соғып, жарақат келтірген боксшыдан рефери автоматты түрде 2 ұпайды алып тастайды.

10. Рефери

Тек қана рефери жекпе-жекті тоқтатып, келтірілген соққының байқаусыздан әлде қасақана жасалғанын анықтап, шешім шығаруға толықтай құқылы.

11. Допингке қарсы тест.

Допингке қарсы тестті өткізу үшін  несеп жекпе-жектен кейін алынады.

Жекпе-жектің уақытында боксшылар тек қана таза суды ішу тиіс.

12. Капа

Егер боксшы капаны жоғалтқан жағдайда рефери капасын қолайлы сәтте орнына келтіру керек.

Капа жоғалған немесе ауыздан түскен жағдайда жекпе-жек тоқтатылмайды.

Рефери боксшының капаны аузынан шығаруға тыйым сала алады және сол үшін ұпай санын да азайта алады.

13. Келеңсіз себептерге байланысты жекпе-жектің тоқтатылуы.

Кез-келген келеңсіз жағдайда келіскен 12 раундтың 4 рауынды толық аяқталағанда, ұпай саны бойынша алда келе жатқан боксшы техникалық шешім бойынша жеңіске ие болады.

4 раунд аяқталмағанда, техникалық тепе-тең жарияланады.

14. Бинттер

Бинтті қолға байлаудың техникалық амал-тәсілдері боксшылардың қалауында, алайда ешқандай жағдайда жабысқақ лента саусақтың буындарын жауып немесе олардан кейін орналаспау керек.

15. Гонг 

Егер келтірілген соққы гонгтың соққысымен бір уақытта болса, онда ол рұқсат етілмеген болып есептеледі. Сондықтан рефери ережеге сәйкес әрекет жасап құлаған боксыға есепті ашу керек.

Егер рефери шешімімен келтірілген соққы гонгтың соққысынан кейін кездейсоқ жасалғанда жекпе-жек жалғасады, сол жағдайда шешім төрешілердің жазбалары арқылы шығарылады. 

Техникалық шешім бойынша жеңіс ұпай санымен алда келе жатқан боксшыға беріледі. 

Егер толық 4 раунд аяқталмай, мұндай кездейсоқтық жағдай болғанда, техникалық тепе-тең жекпе-жектің нәтижесі болып жарияланады.

16. Супервайзер

Матчқа тағайындалған супервайзер ҚКБФ-ның өкілі болып табылады.

Супевайзердің міндеттеріне жекпе-жекті ұйымдастыру, сонымен қатар өткізілетін ККБФ-ның барлық ережелерінің қатаң сақталуын қадағалау кіреді.

Ол ҚКБФ-ның беделі үшін кез-келген шешімдерді қабылдай алады. 

Толығырақ